Балабақшамызда тәрбие жұмыс жоспары бойынша "Ботақан" кіші тобының ата-аналарына арналған "Балалардың сенсорлық дамуы" атты ойын-тренинг болып өтті. Бұл тренингтің мақсаты: ата-аналарды үй жағдайында қолдануға арналған сенсорлық қабілеттерді дамытуға бағытталған кейбір дидактикалық ойындармен таныстыру. Сенсорлық даму, «Дидактикалық ойын» және оның мақсаттары туралы түсінік беру; баланың көру, есту және тактильді қабылдауын дамытуға арналған дидактикалық ойындардың, жаттығулардың әртүрлі түрлерін көрсету. ата-аналардың балаларының балабақшадағы іс-әрекетіне қызығушылықтарын ояту. Ата-аналар бұл тренингке белсене қатысты, түрлі ойын жаттығуларды ойнау арқылы өздеріне тәжірибе жинақтап жақсы көңіл күйде болды