"Ботақан" кіші тобында Сенсорика пәнінен ашық ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті болып өтті. Тақырыбы: "Бауырсақпен ертегіге саяхат".
Мақсаты: Баланың қоршаған әлемді жан-жақты қабылдауына мүмкіндік беретін сенсорлық стандарттар мен қабілеттерді дамыту.
Міндеттері: «Түс», «Пішін», «Көлем», туралы және олардың ерекшеліктері туралы білімдерін бекіту. «Үлкен», «кіші», ұғымдары туралы түсініктерін арттыру ,
нысандарды белгілері бойынша салыстыру және жазықтықта бағдарлау жаттығуларын жалғастыру. Ұсақ моториканы, есте сақтауды, зейінді, бақылауды дамыту. Балалардың бойында ептілік сезімін, көмектесуге деген құштарлығын тәрбиелеу. Ашық ұйымдастырылған ойын іс-әрекеті балаларға өте қызықты болды. Балалар "Бауырсақ" ертегісін еске түсіре отырып кейіпкерлер дайындаған тапсырмаларды қызығушылықпен орындады. Қойылған мақсат пен міндеттер атқарылды. Балалар жақсы көңіл күйде болып керемет әсер алды